Түркістан облысында жолда қалған 15 адам құтқарылды

Түркістан облысында қолайсыз ауа райының салдарынан жолда қалған 15 адам құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Белгілі болғандай, Ащысай – Кентау автожолында үш жеңіл, бір жүк көлігі қар құрсауында қалып қойған. Жолда қалғандарды қар тазалап жүрген «Оңтүстік жолдары» мекемесінің жұмысшылары байқап, облыстық төтенше жағдайлар департаментіне хабар береді. Оларды құтқару үшін Түркістандағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 7 қызметкері мен бір техникасы жұмылдырылды. Нәтижесінде қалың қарға батып қалған автокөліктер сүйреп шығарылып, жолаушылары қауіпсіз жерге жеткізілді.

Нұрғали Жүнісов, облыстық ТЖД басшысы:

- Оқиға орнында жарағат алғандар болған жоқ. «Оңтүстік жарық» мекемесінің 5 қызметкері Ащысай елді мекенінде ауа райының өзгеруіне байланысты желілер үзілген болатын. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық ТЖД арнайы техникасымен жеткізілді.