419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейде қауіпті вирус жұқтыру сейіліп келеді

  • 173
  • UPD: 18:34, 26.01.2021
Ресейде қауіпті вирус жұқтыру сейіліп келеді

Ресейде коронавирус сейіле бастағандай. Соңғы 8 тәулікте анықталған науқастардың саны 22 мыңнан аспады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеше бұл дертті 18 мыңдай адам жұқтырған. Бұл қазан айынан бергі ең төменгі көрсеткіш. Экономикалық зерттеулер орталығының болжамынша, сәуірге қарай коронавирусты жұқтыру және одан өлім-жітім көрсеткіштері екі есе төмендейді. Қазірдің өзінде Ресейдің 68 өңірінде қауіпті вирустың таралуы бәсеңдеп келеді. Бұл тұста ең тәуір жағдай Мәскеуде тіркелген. Мамандар вакциналаудың арқасында Ресейде ұжымдық иммунитет қалыптасатынынан үмітті.

Николай Малышев, дәрігер:

- Келесі оқу жылына дейін халықтың шамамен 60%-іне екпе салынады. Оған қоса, аурудан жазылып, антиденелерге ие болған адамдар бар. Бірақ онда да маска мен қолғап киіп, әлеуметтік арақашықты сақтауға тиіспіз.

Эпидемиологтар ұжымдық иммунитет қалыптаспайынша, шектеу шараларының көбі күшінде қалатынын ескертті. Яғни күзге дейін барлығы маска киюі тиіс. Айтпақшы, Ресей шығарған алғашқы вакцинаның жаңа жанама әсері анықталып отыр. Денсаулық сақтау министрлігі, аутоиммундық сырқаттарға шалдыққан және қатерлі ісігі бар науқастарға бұл вакцинаны егу қауіпті екенін мойындады.

Хабар 24 телеарнасы