Қостанай облысындағы Байғабыл ауылы ауыз сусыз қалды

Елді мекенде ауыз су тартатын мұнара құлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нысанның не себепті қирағанын арнайы комиссия анықтап жатыр. Қазір 800 тұрғынға тіршілік нәрі су станциясынан тәулігіне үш мезгіл беріледі. Мұнара Амангелді ауданын ауыз сумен қамту бағдарламасы аясында 2014 жылы 4 миллион теңгеге салынған. Аудандық құрылыс бөлімі басшысының айтуынша, олқылықты ретке келтіру үшін шамамен екі ай уақыт кетеді.

Нұрлан Қойшығұлов, Амангелді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы:

- Мамандар топырағы ылғалданып, астына қарай су кетіп отыруы мүмкін деген. Сондай нұсқа бар. Ашып қарап жатыр. Мұнараны қайта қою қымбатқа түседі. 10 млн теңгеге дейін кетіп қалуы тиіс. Кешеден бері жұмыс жасап жатырмыз, автоматикамен істейтін сорғыларды алып қойсақ, ол 5-6 млн-ың маңайына түседі. Алдын ала есептеуімізше солай.