Алматының ескі бөлігі жаңартылады

Алматыда өткен ғасырдың 60-жылдарына дейін салынған 1100 үй бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жартысы Түрксіб ауданында орналасқан. Ескі үйлерді сүріп, орнына жаңасын салу бағдарламасы бойынша биыл Түрксіб ауданында 62 жанұя жаңа пәтерге көшеді. Қазір 3 бес қабатты үйдің құрылысы аяқталып қалды. Әкімдік жаңа үй салу үшін бір ескі үй бұзылғанын айтады. Енді тағы 3 үй бұзылып, орнына 7 көп қабатты баспана салынады. Қаланың ескі бөлігін кешенді жаңғырту бағдарламасы 2012 жылы басталған. Жаңа үйлер бірінші кезекте ескі ғимаратта тұрған меншік иелеріне беріледі. Қалған пәтерлерге мемлекеттік бағдарлама бойынша кезегін күткен азаматтар қоныстанады.

Айдос Бекетаев, Түрксіб ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы:

- Әлі мысалы от жағатын да үйлер бар. Бағдарлама бойынша орталықтандырылған жылумен су кәріз құбырларын кіргізіп, газбен қамтамасыз етіліп, тұрғындар солай алады. Пәтерге пәтер беріледі.