Атырауда екпе сақтайтын мұздатқыштар алынады

Еліміз бойынша ерікті түрде екпе егу ақпан айынан басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал Атырау облысында вакцина алдымен коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарға көмек көрсететін медицина мамандарына салынбақ. Жалпы, облыс тұрғындарына екпе салу үшін 22 медициналық ұйым әзірленген. Оның 15-і мемлекеттік, қалғаны жеке меншік ұйымдар. Мұнайлы өңірде негізгі екпені сақтауға арналған көлемі 700 литр болатын мұздатқыш демеушілер көмегімен алынып жатыр. Екпелерді аудандарға тарату үшін 60 литрлік екі мұздатқыш жуық арада жеткізіледі. Ал жекеменшік медициналық мекемелер мұздатқыштарды өз қаражаты есебінен алады.

Нина Оспанова, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

– Бірінші кезекте вакцина алғаннан кейін 30 минут вакцина алған адам арнайы бақылауда болады. Арнайы бөлмеде отырғызылып, оның жалпы жағдайы тексеріледі. Бір бекітілген объект 60 адамға вакцина салады. 1 флакон 5 дозаға арналған. Яғни бір флакон 5 адамға вакцина салуға есептелген. Қазіргі уақытта Атырау облысына 1000 келеді деген есеппен сол дозаларды күтудеміз.

Сондай-ақ...