419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: Қарағандыда вакцина салуға дайындық пысықталды

  • 153
  • UPD: 08:05, 27.01.2021
COVID-19: Қарағандыда вакцина салуға дайындық пысықталды

Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны салу бойынша кейбір өзекті мәселелерді қарағандылық дәрігерлер ресейлік сарапшылармен пысықтап өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараны бастау үшін облыс бойынша 115 екпе егу кабинеттері ашылмақ. Дәрінің алғашқы партиясы ақпан айына дейін жеткізіледі. Ал 15 ақпаннан бастап Қарағанды зауытында шығарылған ресейлік вакцина пайдаланылады. Сапасы бақылаудан өткен вакцинаны қазірдің өзінде әлем бойынша кемі 2 млн-нан астам адам салып үлгерген. Қайғылы жағдай тіркелмеген дейді мамандар.

Бибігүл Төлегенова, облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің басшысы:

– Қазір бізге 1 500 доза келеді. Сосын ақпанда 6000, наурызда 9500, кейін сәуірден бастап 45 мың доза келеді. Жылдың аяғына дейін егу компаниясы ақпаннан желтоқсанға дейін жүреді.

Хабар 24 телеарнасы