Ресейге қазақстандық қызанақты экспорттауға шектеулер алынып тасталды – ҚР АШМ

Ресейге қазақстандық қызанақты экспорттауға шектеулер алынып тасталды – ҚР АШМ
АиФ

2021 жылғы 27 қаңтардан бастап қазақстандық қызанақтарды Ресей Федерациясына алып келуге шектеулер алынып тасталады.

ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті РФ-ның Россельхознадзор қызметімен келіссөздер жүргізіп, «Green Capital Kazakhstan» ЖШС және «Green LandAlatau» ЖШС-нің қызанақ жемістерінде қауіпті вирусы (Tomato brown rugose fruit virus немесеToBRFV) бойынша жылыжайлардың карантиндік фитосанитариялық жай-күйі туралы өзекті ақпаратты ұсынды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Қазақстан тарап ұсынған құжаттардың қорытындысы бойынша Россельхознадзор осы жылдың 27 қаңтарынан бастап Ресей Федерациясына Ақтөбе және Алматы облыстарынан қызанақ жемістерін алып келуге уақытша шектеулерді алып тастады.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін2021 жылғы 19 қаңтарда Россельхознадзор ҚР Павлодар облысынан қызанақты экспорттауға рұқсат берген болатын.