424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда жасырын ойын орны анықталды

  • 197
  • UPD: 09:55, 27.01.2021
Таразда жасырын ойын орны анықталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Жамбыл облысы бойынша ЭТД-нің қызметкерлері Тараз қаласының аумағында лицензиясыз және ҚР заңнамасының талаптарын бұзып, жасырын ойын мекемесінің заңсыз қызметті жүзеге асырғандығын анықтады.

Ведомство мәліметінше, қылмыстық іс-әрекеттің жолын кесу мақсатында ЭТД қызметкерлері жасырын бақылау сатып алу арқылы М.В. Скорикпен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегін анықтады.

Жасырын ойын мекемесін тексеру барысында 31 компьютер, 4 ойын автоматы, ақша қаражаты тәркіленіп алынды.

Тараз қ. №2 сотының үкімімен аталған азамат ҚР ҚК-нің 307-б. 1-б. қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Хабар 24 телеарнасы