Деструктивті діни ағым ұстанушылары есірткімен ұсталды

Қазақстан Республикасы ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті Ақтөбе облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде өсімдік түрлі есірткі тасымалдау арнасын ұйымдастыруға қатыстылығы бар топ мүшелерін құрықтады.

Бұл факті ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы (есірткі, психотропты заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының шешімімен күдіктелерге «қамауға алу» бұлтартпа шарасы қолданылды.

Ұсталған азаматтар деструктивті діни ағым ұстанушылары болып табылады.   

Тергеу амалдары жалғасуда.