Оралда карантинді қатаңдату ұсынылды

Батыс Қазақстан облысында кейінгі тәулікте 95 адам қатерлі індет жұқтырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дерттің дендеуіне байланысты облыстың бас санитар дәрігері демалыс күні қоғамдық көлік қызметін шектеуді ұсынды. Өңірде адам көп жиналатын іс-шаралар әлі де тоқтатылар емес. Шектеу талаптарын мемлекеттік органдар да орындамай отыр. 25 қаңтарда қабылданған қаулыға сәйкес олардың 80 проценті қашықтан жұмыс істеуге көшуі тиіс еді. Бірақ басым бөлігі әлі де қызметін кеңселерде жалғастырып жүр. 7 бірдей жұқпалы аурулар ауруханасында науқастар саны көбейген. Қазір қатерлі індетке іліккен 300 адам емделіп жатыр. Аймақта жұмыс кестесінің қысқаруына байланысты кәсіпкерлер «қоғамдық тамақтану нысандарын мүлде жауып тастаймыз» деп қарсылық білдірді. Бұған қатысты жергілікті билік несиелік қолдау, қайта оқыту және қосымша өндіріс орындарын ашу бойынша көмек көрсететінін айтты.

Ғали Есқалиев, Батыс Қазақстан облысының әкімі:

– Олар өздері шешім қабылдаса, онда сол ғимараттың ішінде біз не аша аламыз? Олар өздері ашуы мүмкін, біз оларға онда мемлекеттік тапсырыс беруіміз керек. Мысалы спорт зал немесе мектептен тыс үйірмелер ашуға болады. Немесе олар сол ғимараттардың ішінде әртүрлі өндірістерді ашуы мүмкін. Облысымызға қандай өндіріс түрлері керек, сол жағынан біз оларға кеңес айтуымыз керек. Екінші нұсқасы, біз олардан сол ғимараттарды жалға ала аламыз.

Сондай-ақ...