Алматыда коммуналдық қызмет құны арзандайды

Алматыда ақпанның 1-нен бастап жылу бағасы өткен жылмен салыстырғанда 3 процентке төмендейді.

Нәтижесінде қала тұрғындары коммуналдық төлемнен 552 млн теңге үнемдей алады деді Табиғи монополияларды реттеу департаментінің өкілі. Электр қуаты мен ауызсудың құны да арзандайды. Мысалы, судың текшеметрі 44 теңгеден 42 теңгеге түседі. Қаладағы электр энергиясының құны жеке тұлғалар үшін 1,5 ал заңды тұлғалар үшін 1,2 процентке азайған.

Тимур Каленов, табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы департамент басшысының м.а:

– Электр жарығы арзандаған кезде жеке тұлғалар жалпы сомасы 554 млн теңгені үнемдейді. Ал заңды тұлғалардың коммуналдық шығыны 820 млн теңгеге дейін қысқарады. Айта кетейік, биылғы жылдың тарифін бекіту мақсатында 38 өтінім қарастырылды.

Сондай-ақ...