Отандық вакцинаның ағзаға тигізер әсері – ҚР ДСМ жауабы

Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов министр Алексей Цоймен бірге алғашқылардың бірі болып қазақстандық Қаз Ковид Инн екпесін салдыратынын мәлімдеді.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық вакцина сынақтан сәтті өтсе, салдыратынын хабарлаған еді. Құзырлы ведомство өкілінің айтуынша, қаңтардың 11-де коронавирусқа қарсы егілетін еріктілердің тізімі толық жасақталды. Әзірге олардың халі жөнінде мәлімет құпия. Дегенмен адамдардың KazCovid-in екпесін жақсы көтеретіні белгілі болды. Тек екпе салғызған орын қызарып, қышуы мүмкін. Бұл вакцина салғызған кезде күтілетін реакция дейді Марат Шоранов.

Сондай-ақ...