419,45 505.95 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: сәуір-мамыр айларында қазақстандықтар екпені тегін салдыра алады

  • 149
  • UPD: 19:28, 27.01.2021
COVID-19: сәуір-мамыр айларында қазақстандықтар екпені тегін салдыра алады

Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Вакциналаудың алғашқы кезеңі ақпан айында басталады. Бұл кезеңде ресейлік Спутник V немесе Қарағандыда шығарылған нұсқасы – Gam-COVID-Vac салынады. Оның алғашқы 20 мың дозасын Ресейден алдыртса, ақпанның 26-нан бастап 90 мың, ал наурызда тағы 150 мың дозасы Қарағандыдағы зауыттан шығарылады. Марат Шоранов мәлімдегендей, қазақстандық KazCovid-in екпесі сәуір айында тіркелуі мүмкін. Сол кезде халықты қос вакцинамен қамтуға болады. Ал шетелдік Pfizer сынды вакциналарды алдыру бойынша келіссөздер әлі жалғасып жатыр. Жыл аяғына дейін 6 млн азаматты вакциналау жоспарда бар. Бірақ екпе салуда еш мәжбүрлеу болмайды.

Марат Шоранов, ҚР денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары:

– Расында да біз алған ақпарат бойынша, Байқоңыр қаласында Ресей азаматтарына өткен аптадан бастап вакцина салу басталған. Қызметкерлер вакцинадан бас тартқан кезінде Ресей федерациясында да бұл мәселе біз айтқандай, өз еркімен.

Хабар 24 телеарнасы