Елімізде жасанды ұрықтандыруға бөлінетін квота саны 7 есе көбейеді

Бұған дейін жылына мың квота бөлінетін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент тапсырмасы сәби иісін аңсаған мыңдаған отбасыға үміт сыйлады. Бедеулік қоғамда белең алып барады дейді ақ халаттылар. Жылына 10 мың отбасы жасанды жолмен балалы болуға талпынады. Алайда бәрінде бірдей нәтиже бола бермейді. Оның үстіне, ұрпақ жалғастырудың мұндай түрі қымбат тұрады.

Алмаз Ибрагимов, «Экомед» орталығының репродуктолог дәрігері:

– Көп бөлігі ақылы түрде келіп жатты. Орташа есеппен құны 1-1,5 млн теңгені құрайды. Өкінішке қарай, бедеулікпен сырқаттанғандардың нақты регистрі жоқ. Менің ойымша, енді олар емханаларға барып, тізім тұрып, ем қабылдайды деп ойлаймын.