ШҚО-да халықты вакциналауға дайындық басталды

Шығыс Қазақстанда екпе салу кабинетінің қызметкерлері жаппай оқу курстарынан өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақта 1 ақпаннан басталатын жаппай вакциналау шарасына әзірлік пысықталды. Қазір Ресейде шығарылған екпенің 100 мың дозасы сатып алынды. Өңірдегі емханаларда 60 екпе кабиенті дайын тұр. Вакцина алдымен инфекциялық стационарлар мен жедел жәрдем станциясындағы және індет жұқтырғандар емделіп жатқан жансақтау бөліміндегі медициналық қызметкерлерге салынады. Әкелінген препараттар Өскемен, Семей қаласындағы қан орталықтарында сақталады.

Владимир Ли, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Вакцина арнайы температуралық датчиктері бар 4 рефрижатор көлікпен жеткізіледі.Сонымен қоса, 60 термоконтейнер сатып алынады. Олар препаратты екпе салатын орынға дейін тасымалдағанда тиісті температураны ұстап тұру үшін керек. Біршама медициналық ұйымдар мұндай құралды алып та үлгерді. Екпе жүргізу шарасын бастан аяқ бақылау үшін арнайы жұмыс тобы да құрылды.

Сондай-ақ...