426,61 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандағы кәсіпорындардың 40% табысын жасырады

  • 225
  • UPD: 20:00, 27.01.2021
Қазақстандағы кәсіпорындардың 40% табысын жасырады Inform.kz

Бұл – Дүниежүзілік банк өкілдерінің мәліметі.

Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры Марат Башимовтың де пікірі осыған саяды. Былтыр елде табысын жасырған 73 ұйым тіркелді. Әрқайсысының қаржы айналымы миллион теңгеге жуықтаған. Олардың қызметі тоқтатылды. Президент Үкімет отырысында көлеңкелі экономикамен күресу үшін жаңа агенттік құруды тапсырған еді. Сол арқылы алдағы 4 жылда көлеңкелі экономиканың үлесі 15 процентке азаюы тиіс.

Марат Башимов, еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры:

– Қарапайым азамат салығын төлеп отырады, ал басқалары одан қашады, декларацияны көрсетпейді. Ол қазір керек. Біздің конституцияда екі міндетіміз бар, заңдарды орындағанда, салық төлегенде. Тағы бір мәселе – бізде ашықтық жоқ.

Хабар 24 телеарнасы