414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтаулық оқушы жылыжай суаратын робот құрастырды

  • 161
  • UPD: 22:14, 27.01.2021

Дарынды қыз химия және биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сыныбында оқиды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Роботты техника саласында жаңа жобаны өткен жылы қолға алған. Қазір макет түріндегі роботты мектеп жылыжайында сынақтан өткізіп жүр. Ақылды құлтемір өздігімен топырақтың ылғалын өлшейді. Содан соң қажетті мөлшерде ғана су шашып, өсімдіктердің солып қалмауына септеседі. Оқушы қыз енді жобасын жетілдіріп, GPS құрылғысын орнатуды көздейді. 16 жастағы өнертапқыш наурызда өтетін республикалық ІТ-сайысқа қатысуды жоспарлап отыр.  

Диана Қуанбай, жоба авторы:

– Карантин уақытында ата-әжемнің үйінде тұрған болатынмын. Сол кезде атамның күнделікті егін суаратынын көріп, кейбір жерлерде құрғақ, кей жерде ылғал болатынын көрдім. Кейбір өсімдіктердің ылғалдың көп болуынан өліп те қалғанын көрдім. Сондықтан осы ылғалдылықтың өсімдіктің өсуіне қандай әсері бар екенін зерттей келе неге өздігінен адамның көмегінсіз әрекет жасай алатын машина ойлап таппасқа деген ой келді. Маңғыстау өлкесінде құрғақшылықпен күресуде және көгалдандыруда өзінің үлесін қосады деп сенемін.

Хабар 24 телеарнасы