417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда мандарин жеміс берді

  • 166
  • UPD: 21:36, 27.01.2021

Ыстық елдерде ғана өсетін ағаш ботаникалық бақта жайқалып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл мандарин жылдағыдан көп өнім берді дейді агрономдар.

Равиль Рязаповқа бұл бақтың әр өсімдігі жақын. Мандарин ағашын ол бала кезінде 1960 жылы Санкт-Петербург қаласынан алып келді. Содан бері жылда гүлдеп, жеміс береді. Биыл өнімі мол болды.

Равиль Рязапов, ботаника бағының бас агрономы:

– Мандарин ағашына жақындап барып, бір бұтағын білдіртпей сындырып алдым. Біреу не істеп жатсың деп ұрысты. Міне, содан осындай ағаш болып өсіп шықты.

Ботаникалық бақта 2 мыңдай өсімдік бар. Лимон, ананас, сакура, банан ағаштары тамырын тереңге жайған.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

– Ал бұл – Кубаның лимоны. Міне, қаңтар айында гүлдеп, жеміс беріп тұр. Ең ірісі 1 келіге дейін жеткен.

Ботаникалық баққа – 108 жыл. Далада қытымыр қыс, ал бұл жер әрдайым жаз. Әр өсімдікке ерекше күтім керек.

Любовь Вдовина, гүл өсіруші:

– Әр өсімдік менің балаларым секілді. Оларды сүю керек. Бар жан-тәніңді арнасаң ғана гүлдеп, жеміс береді.

Былтыр агрономдар папайя ағашын егіп көрді. Биыл ол гүлдеп, жеміс беруге жақын тұр.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы