419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте қонақ үйлердің бірінде келушілер үшін ұсталған алан зообаққа жеткізілді

  • 182
  • UPD: 21:56, 27.01.2021

Шымкент қонақ үйлерінің бірінде келушілердің көңілін көтеруге қойылған алан зообаққа өткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ветеринарлардың айтуынша, арыстанның күшігі әбден қалжыраған. «Қарша» деген лақап аты бар аң патшасының тамақ жеуге де әлі қалмапты. Қазір алан айналасына бой үйрете бастады. Бірақ артқы аяғын әрең басып жүр. Бұрынғы иесі оны темір шынжырмен байлап ұстаған көрінеді. Полицейлер жыртқыш аңды Жетісай ауданынан тапқан. Тергеу барысында иесі оны тауып алғанын айтқан. Қазір оған сирек кездесетін және жойылып кетудің алдында тұрған жануарларды заңсыз иемдену дерегі бойынша айып тағылып, іс қозғалды.

Елена Бударакина, зообақтың бас ветеринар дәрігері:

– Арыстан ресми түрде зообақ теңгеріміне алынып, өзге аңдармен бірге өмір сүреді. Тамақтануы, емделуі мен дұрыс бағып-қағуын ұйымдастыруға кепілдік береміз. Қазір ол өте әлсіз, әбден қалжырағаны көрініп тұр. Алғашқы күндері тіпті нәр татпады.

Хабар 24 телеарнасы