414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыдағы сауда орталықтары демалыс күндері жұмыс істемейді

  • 280
  • UPD: 12:07, 28.01.2021
Алматыдағы сауда орталықтары демалыс күндері жұмыс істемейді

Алматыда карантин талаптары күшейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мегаполистегі эпидемиялық жағдайдың ушығуына байланысты бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты. Бірінші ақпанда күшіне енетін құжатқа сәйкес демалыс күндері сауда ойын-сауық орталықтары мен базарлар жабылады. Басқа күндері олар таңғы 10:00 мен кешкі 20:00 аралығында жұмыс істейді. Ал нысан ішіндегі азық-түлік дүкендері кешкі 17:00-ге дейін жұмыс істеп, демалыс күндері жабылуы тиіс. Қаулыға сай кинотеатрлар жұмысына тыйым салынды. Халықтың көп шоғырлануына жол бермеу қажет. Онсыз да қала «қызыл» аймақтан шыққан жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қалалық бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшиннің карантиндік шектеулерге қатысты жаңа қаулысы шыққан болатын.

Хабар 24 телеарнасы