417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекеттік хатшының төрағалығымен кеңес өтті

  • 100
  • UPD: 12:47, 28.01.2021
Мемлекеттік хатшының төрағалығымен кеңес өтті Inbusiness.kz

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру мәселелері жөнінде кеңес өтті.

Бейне конференцбайланыс форматында ұйымдастырылған кеңеске құқық қорғау органдарының басшылары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері, ҚР Президенті Әкімшілігі жанындағы жұмыс тобының мүшелері қатысты.

Кеңес барысында ғалымдар мен сарапшылардың архивтер мен жабық қорлардағы зерттеу жұмыстары, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қызметін сүйемелдеу жөніндегі жобалық офистің қызметін ұйымдастыру мәселесі қаралды.

Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» ҚР Президенті Жарлығының міндеттерін жан-жақты іске асыруды қамтамасыз ететін ұйымдастыру-техникалық және зерттеу іс-шаралары кешенін өткізу туралы бірқатар тапсырмалар берілді.

Хабар 24 телеарнасы