Бұдан былай нотаруис куәландырған құжаттар электрондық жүйеде сақталады

Мұндай өзгеріс аталған қызметті «Цифрландыру» туралы заңда белгіленген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін бұл құжат спикер Мәулен Әшімбаевтің төрағалығымен өткен Сенат отырысында мақұлданды. Заңдағы өзгеріске сәйкес нотариус қызметін көрсетушілер әр ісін электронды жүйеде белгілеп отыруы тиіс. Мәліметтерді енгізбеген жағдайда олар тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Ал, нотариусы жоқ елді мекендерде әкімдіктер уәкілетті орган ретінде өсиет пен сенімхатты рәсімдеу бойынша куәландыруды қағаз жүзінде жүргізе береді. Ауылдағы интернет мәселесі шешілген соң ғана электронды реестр жүйесін енгізілуі мүмкін.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Қабылданған заң елімізде нотариат институтын одан әрі жетілдіруді көздейді. Қазіргі таңда Қазақстанда бұл салада жұмыс істейтін төрт мыңнан астам нотариус бар. Осы заң халыққа нотариаттық қызмет көрсету кезінде цифрлық технологиялардың қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ нотариаттық қызметке қойылатын талаптарды күшейтуге құқықтық негіздер қалыптастырады.