Елордада эпидахуал нашарлады

Елордада эпидемиялық ахуал нашарлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен тәулікте 125 жаңа жағдай анықталған. Бас қалада  жиыны 22 мыңнан аса вирус жұқтыру дерегі тіркелді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары «қызыл» аймақта тұр. Тағы алты өңір қауіпті аймаққа енді. Олардың қатарында Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар. Ал «сары» аймақта Қарағанды тұр. Қалған өңірлер «жасыл» аймақта.