Петропавлда демалыс күндері сауда орындары жұмыс істемейді

Солтүстік Қазақстанда індет жұқтырғандар саны күрт көбейіп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде эпидемиялық ахуал күннен күнге ушығып барады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, пандемия басталғалы бері аймақта 10 549 адам коронавирус жұқтырған. Тек соңғы тәулікте ПТР-тест арқылы 117 азаматтан қауіпті кесел анықталған. Мамандардың айтуынша, осыдан бір апта бұрын бұл көрсеткіш небәрі 70-тен аспайтын еді. Инфекциялық стационарлардың 45 проценті толған. 22 науқастың жағдайы аса ауыр. Ал 42 адам осы кеселден қайтыс болды. Жағдайдың қиындауына байланысты өңірде демалыс күндері де локдаун сақталады. Сенбі-жексенбіде ірі сауда орындары жабылып, қоғамдық көлік тоқтайды.