Қарағанды облысындағы орман көлемі төрт есеге ұлғайтылады

Қарағанды облысында алдағы 5 жылда 100 миллион ағаш егіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірдегі орман көлемі 4 есеге ұлғайтылады. Аймақта жобаны жүзеге асыру үшін жоспар құрылып, ағаш өсіретін жер таңдалады. Кейін арнайы сараптама жүргізіліп, ең тиімді деген аймақ анықталады. Қарағандының климаттық ерекшелігіне сай негізінен үйеңкі мен қарағаш көшеттерін өсіру жоспарланып отыр. Себебі олардың өсу ықтималдығы 60%-тен асады. Биыл кем дегенде 1 миллион 700 мың тал егіледі. Жаппай ағаш егу жұмыстары 2023 жылы жүргізіледі.

Бекзат Мақажанов, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:

– Биылғы жоспар 430 мың гектар. Бұл мақсатты орындау үшін кешенді жоспар бекітілді. Ол үшін көшеттер көлемін ұлғайтып, техниканы жандандырып, бюджет қаржысы қаралып жатыр.