419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте бәйшешек гүлдеді

  • 148
  • UPD: 20:12, 28.01.2021
Шымкентте бәйшешек гүлдеді

Шымкентте бәйшешек гүлдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күн жылынып, тұрғындардың ауласы мен бақшасында өсімдік бүр жарды. Өткен аптада ғана ақ түтек боран соғып, қалың қар астында қалған шаһарда енді бәйшешек жайқалып тұр. Ағаштың тым ерте гүлдегеніне тұрғындар мәз. Синоптиктердің болжауынша, Шымкентте алдағы күндері жауын-шашынсыз ауа райы болады. Сынап бағаны 13 градусқа дейін көтеріледі. Демек, Қызыл кітапқа енген өсімдіктің бүр жарып, жайқалуына күн райы да қолайлы жағдай туғызады.

Елена Савкина, қала тұрғыны:

– Бәйшешек – көктемнің жаршысы ғой. Қыс артта қалды. Қазір күн жылып, көңіліміз мәз-мейрам. Алғашқы гүлдер жаныңа жылу ұялатып, әдемі сезімге бөлейді.

Хабар 24 телеарнасы