Елордада эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр

Шаһар әлі де «қызыл аймақта», деп хабарлайды «Хабар 24».

Соған қарамастан кәсіпкерлер карантин ережелерін бұзуын тоқтатар емес. Тұрғындар да тыйым салынған уақытта кафе, мейрамхана аралап, денсаулықтарына қауіп төндіріп жүр. Өткен тәулікте Есіл ауданы бойынша бірнеше заңбұзушылық тіркелді. Тамақтану орындары кешкі сағат 8-ден кейін жұмысын жалғастырып, келушілерге қызмет көрсеткен. Полицейлер көңіл көтеру орындарына қатаң шара қолданды. Ережені бірнеше мәрте бұзған компьютерлік клубтарға қомақты айыппұл салынды. Сот шешімімен 12 көңіл көтеру орнының басшылары жазаланды. Бас санитар дәрігердің қаулысы бойынша мұндай нысандар 20.00-ден кейін жұмыс істемеуі шарт. Заңды тұлғаларға 600 мың, ал азаматтарға 87 мың теңге көлемінде айыппұл салынады.

Сондай-ақ...