Шымкентте алкоголь өнімін дайындайтын жасырын цех анықталды

Шымкент қаласында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесі бойынша жалған есепке алу-бақылау маркалары бар алкоголь өнімін дайындайтын астыртын цех қызметінің жолы кесілді.

Өндірілген өнім кейіннен Шымкент қаласының аумағында сатылды.

ҚР ҚМ ҚМК мәліметінше, тексеру барысында жалған ЕБМ бар «Русская на бруньках» және «Березовая» маркалы 2000-нан астам бөтелке алкоголь өнімі, 160 литр спирт, 10 000-нан астам ЕБМ, сұйықтықты араластыруға арналған сорғы, алкогольге арналған 140 бос қорап және 80-нен астам бос бөтелке, 400-ден астам қақпақ анықталды және тәркіленді.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 233-б. 2-б. (көрiнеу жалған есепке алу-бақылау маркаларын пайдалану немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар мен тергеу амалдары жүргізілуде.