419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада театрлар мен кинотеатрлар жабылмайды

  • 180
  • UPD: 11:48, 29.01.2021

Бұл жөнінде қалалық бас санитарлық дәрігер Сархат Бейсенова біздің арнаға берген сұхбатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір эпидемиялогиялық ахуал күрделі. Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл аймақта». Егер коронавирус жұқтырғандар саны күрт артатын болса, елордалық ауруханалар қосымша 3 мыңнан 5 мыңға дейін төсек орынмен қамтамасыз етуге дайын. Жыл басынан бері қалада 3 451 вирус жұқтыру дегері тіркелген. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Соған қарамастан, Алматыдағыдай қатаң шаралар қолданылмайды деді сарапшы.

Сархат Бейсенова, Нұр-Сұлтан қаласы бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:

– Алматы «қызыл аймаққа» енді еніп жатыр. Ал біз 16 қаңтарда кірдік. Ол кезде театрлар мен кинотеатрлардың жабылуына қатысты мәселе қарастырылған жоқ. Өйткені, аурудың таралуы оған байланысты емес. Сауалнама нәтижесі осындай. Бірақ қоғамдық тамақтану орындары мен қоғамдық көлікке қатысты шектеулер енгіздік. Халыққа қызмет көрету орталықтарының жұмысы уақыты қысқартылды. Осындай шаралар арқылы негізгі қауіптің алдын алып үлгердік деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы