БАҚ туралы жаңа заң әзірленеді

Елде салалық тілшілерді даярлау жобасы қолға алынды.

Оның аясында 8 ақпаннан бастап 50 тілші Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде медицина саласы бойынша біліктілігін арттырады. Діни сауаттылық турасында 50, экология тақырыбында 50 журналист қайта даярлықтан өтеді. Алдағы уақытта ауылшаруашылық, құқық, экономика және әлеуметтік еңбек салалары бойынша да тілшілерді оқыту жүзеге асырылмақ. Бұл әрине бірінші кезекте отандық контенттің сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Атқарылған жұмыстың арқасында былтыр елде шетелдік ақпарат құралдарының үлесі 30 процентке қысқарды. Мемлекеттің бірыңғай ақпараттық саясатының механизімін заңды тұрғыдан қамту үшін БАҚ туралы заң да жаңармақ. Оның жобасы әзірленіп, қоғамның талқылауына салынады. Құжат 2022 жылы қабылданады деп жоспарланған.

Сондай-ақ...