419,87 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда қоғамдық көліктерде тегін жүруге құқылы тұлғалар санаты кеңейтілді

  • 140
  • UPD: 13:06, 29.01.2021
Алматыда қоғамдық көліктерде тегін жүруге құқылы тұлғалар санаты кеңейтілді Tengrinews

Алматы қаласының әкімдігі VII шақырылымдағы мәслихаттың кезектен тыс II сессиясының барысында қалалық қоғамдық көліктерде жеңіл жолақыны пайдалана алатын адамдар санаттарының тізімін кеңейту туралы бастаманы ұсынды.

Депутаттар оның оң шешім екенін атап өтіп, бірауыздан қолдады, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру құқығы бұрыннан бар 9 санаттан өзге келесі 3 санатқа жататын қалалықтарға да берілетін болады, олар мыналар:

- басқа мемлекеттердің аумағындаы әскери  іс- қиымлдарға қатысқан ардагерлер;

- «Алтын алқа» және «Күміс алқамен»  марапатталған  көпбалалы аналар;

- он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды  жетектеп жүретін тұлғалар.

Бүгінгі күні Алматыда 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды алып жүрушілер – 1161 адам (осы санаттағы тұлғаларға 50% жеңілдік) және «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар – 4 663 адам (тегін жол жүру).

Хабар 24 телеарнасы