414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ыстамбұлдан Алматыға келген жолаушы коронавирус жұқтырған

  • 120
  • UPD: 13:51, 29.01.2021
Ыстамбұлдан Алматыға келген жолаушы коронавирус жұқтырған

Өткен тәулікте елге 12 халықаралық әуе рейсімен 2 мың 29 жолаушы ұшып келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 433-інде ПТР анықтама болмаған. Енді жолаушылар тест тапсырып, арнайы стационарда нәтижесін күтеді. Ал 27 қаңтарда тиісті анықтамасыз келген 348 қазақстандықтың сынамасы тексерілді. Тест нәтижесі бойынша Ыстамбұл-Алматы рейсімен келген жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.

Хабар 24 телеарнасы