БЖЗҚ өкілдері халықтан белгісіз сілтемелерге өтпеулерін сұрайды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпарат ресурсына интернет алаяқтары шабуыл жасады.

Фишингтіктің әрекет салдарынан салымшылардың құпия деректері ұрланды. Қор өкілдерінің айтуынша, біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуға қатысты еш хабарлама жіберілмейді. Ақпаратты тек www.enpf.kz ресми сайтында және уәкілетті оператор банктердің интернет-ресурстарында тексеру керек. Сондықтан қор өкілдері белгісіз сілтемелерге өтпеуді сұрайды. 27 қаңтар күнгі мәлімет бойынша «Отбасы банкі» Акционерлік Қоғамы уәкілетті операторынан жалпы сомасы 156,2 млрд теңгеге 9 566 өтінім келіп түсті. Соның 2 мың 578-і заңнама талаптарына сай келмегендіктен, кері қайтарылды.