Коронавирусқа қарсы вакцина салу талаптары бекітілді

Коронавируспен ауырған азаматтар емделгеннен кейін жарты жыл өткенде ғана індетке қарсы вакцина салдыра алады.

Бүгін еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Оған сай ең алдымен коронавирус жұқтыру қаупі жоғары азаматтарға вакцина салдыру міндеттеледі. Бұл санатта медицина қызметкерлері, педагог, учаскелік полицей, студент және медициналық-әлеуметтік ұйым қызметкерлері бар. Халықты вакциналау арнайы орындарда жүргізіледі. Талап бойынша екпе салуға тіркелген азаматтар алдын ала шақыртылады. Вакцинаның бір құтысы 5 адамға салынады. Кабинеттерде олардың арақашықтық сақтауы міндетті.

Ал екпе салдырғандар жарты сағат бойы желдетілген бөлмеде отыруы тиіс. Кейін оларға «Коронавирусқа қарсы екпе салынды» деген жазуы бар бейдж тағылады.

Сондай-ақ...