Елордада үш қорап трамадол ұрлаған адам ұсталды

Елордадағы дәріханалардың біріне ұрлыққа түскен күдікті ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Сарыарқа ауданында болған. 28 жастағы қала тұрғыны дәріхананың есігін бұзып кіріп, құны 178 мың теңге болатын 3 қорап трамадол дәрісін ұрлап кеткен. Күдікті кінәсін мойындады. Ол бұған дейін де сотты болған.

«Бұл іске тағы 3 адамның қатысы бар», - дейді полицейлер. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.