М.Бекетаев: Адвокаттар ісі цифрландырылады

Елімізде адвокат пен заң жөніндегі кеңесшілердің қызметін реттеу, олардың жұмысын цифрландыру ісі жүріп жатыр.

Бұл туралы Презитент қабылдауында болған Әділет министрі Марат Бекетаев айтты. Жиында заң жобаларын әзірлеу барысы мен азаматтарға құқықтық көмек көрсету мәселесі сөз болды. Марат Бекетаев заң саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру, тәртіптік функцияларын дамыту тұрғысында бірқатар бастама қолға алынғанын жеткізді. Мемлекет басшысы заң жобаларын дайындау ісін сапалы жүргізіп, азаматтар мен кәсіпкерлерге құқықтық көмек беруді жоғары деңгейінде қамтамасыз етуді тапсырды.

Марат Бекетаевтың айтуынша, бүгінде адвокаттардың және заң жөніндегі кеңесшілердің қызметін реттеу, олардың жұмысын цифрландыру, аталған сала мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру, тәртіптік функцияларды дамыту мақсатында бірқатар бастамалар іске асырылып жатыр. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Бекетаевқа заң жобаларын дайындау жұмыстарын сапалы жалғастыруды, азаматтар мен кәсіпкерлерге құқықтық көмек беру тұрғысындағы бастамаларды жоғары деңгейінде атқаруды тапсырды.