425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматыдағы хайуанаттар бағын жабайы үйректер мекен етеді

  • 320
  • UPD: 23:33, 29.01.2021

Алматы зообағында аң-құстардың 400-ге жуық түрі бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арасында жабайы құстар да көп. Әсіресе хайуанаттар бағын мекен қылған барылдауық үйректер саны артып келе жатыр. Тіпті олар аққулармен бір жүріп, бірге тамақтанады екен.

Жандос Айтбайұлы, тілші:

- Жабайы үйректер демесеңіз, бұл тіршілік иелерінің ешкімге зияны жоқ. Тіпті қазір зообаққа келушілердің басым көпшілігі осы барылдауық үйректерді көргісі келеді екен.

Айжан Сыбанбекова, экзотикалық құстар бөлімінің меңгерушісі:

- Біздегі мынау үлкен көліміз бар. Осы кішірек үш көліміз бар. Осы жерлерде жүреді. Жан-жақтағы суларды қатып қалған, көктемге қарай мұздары еріп, ашылғаннан кейін сол жақтарға да ұшып кетеді. Мынау біздің жаңағы демалыс саябағында да көл бар. Сол жерге көлге де ұшып барады. Өйткені ол жердегі келушілер суға әртүрлі азықтарды тастап, бұлар құстарды азықтандырады. Соған үйренген.

Қазір Алматы зообағында 300-ге жуық жабайы үйрек бар екен. Тек еркіндікте ғана өмір сүргісі келетін құстар тамақтыда талғап жейтін көрінеді. Оларға күніне 45 келі арпа, бидай, сұлы секілді дәнді дақылдардан бөлек, сәбіз, қырыққабат сияқты көкіністер беріледі. «Жабайы үйректердің тағы бір ерекшелігі аналығы мен аталығын ажырату қиын емес», - дейді мамандар.

Айжан Сыбанбекова, экзотикалық құстар бөлімінің меңгерушісі:

- Жабайы үйректерді былай қазір қамап ұстауға келмейді. Өйткені олар ондайға үйренбеген кішкентайынан. Ал егер балапан кезінен өсірсе, онда үйретуге болады. Ал ересектерін қазір еркіндікте жүрген, оларды ұстап еркіндіктерінен айыруға болмады. Олар оған үйренбеген. Олар одан стресс алады. Содан стресстен олар өліп кетуі мүмкін.

Жабайы үйректер басқа құстарға тез үйренесіп кетеді. Айдындағы аққулармен бірге жүзіп, бірге тамақтанады. Алматы зообағын бірнеше жылдан бері тұрақты мекендеріне айналдырған қанатты құстардың, балапан шығаратын мезгіліде жақындап қалыпты.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы