419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде стационарлық полиция бекеттері қойылып жатыр

  • 184
  • UPD: 10:04, 30.01.2021

Ақтөбенің қоғамдық орындарына модульдік үлгідегі стационарлық полиция бекеттері қойылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірге теміржол вокзалы, орталық базар секілді халықтың көп шоғырланатын жерлерінде бесеуі орнатылды. Таяу уақытта іске қосылып, тұрғындардың арыз-шағымдары мен өтініштерін қабылдайтын болады. Бұл – арадағы байланысты одан әрі арттыру үшін қолға алынған шараның бірі. Жаңа шағын бекеттердің бір жақ бөлігі әйнекпен жасалған. Бұл ондағы қызметкер жұмысының ашықтығын қамтамасыз етпек. Сондай-ақ іші-сырты бейне бақылау жүйесіне қосылған. Модульдік үлгідегі полиция бекетін қажет болса, қаланың өзге де бөлігіне ауыстыруға болады.

Ермек Шуканов, патрульдік полицияның батальон командирі:

– Стационарлық бекеттерде полиция қызметкерлері күндізгі уақытта сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Азаматтарды қабылдап, олардың өтініш-тілектеріне жауап береді. Сондай-ақ жақын маңда патрульдік қызметтің кезекші жасақтары да жүреді.

Хабар 24 телеарнасы