29 қаңтарда Қазақстан аумағына БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, РФ және Беларусь Республикасынан 12 халықаралық әуе рейсі келді.
1 453 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 217 адам, анықтамасыз 236 ҚР азаматы келді.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 688 жолаушы, анықтамамен – 624; анықтамасыз - 64;
Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 740 жолаушы, анықтамамен – 568, анықтамасыз – 172;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 25 жолаушы анықтамамен келді.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
28 қаңтарда анықтамасыз келген 433 Қазақстан азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша 3 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде 2 жолаушы Дубай – Нұр-Сұлтан рейсімен, бір жолаушы Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.