Петропавлдық құрылысшы жеке картиналар көрмесін жинады

Петропавлдық қарапайым құрылысшы жеке картиналар көрмесін жинады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Рустам Исмеилов 60-қа жуық туындының авторы. Олардың арасында портреттер, қала мен табиғаттың көріністері және де көліктер бар. Қылқалам шебері майлы бояулармен де, қарындашпен де сурет салады. Ал соңғы рет ол керамикалық тастармен көк туымыздың панносын жасап шығарды. Бұл –Рустамның бойындағы тума талант. 31 жастағы қала тұрғыны бейнелеу өнерін оқымаған. Сондықтан да көрмелерге қатыса алмай жүр.

Рустам Исмеилов, қала тұрғыны:

Ең қиыны – портрет. Адам бейнесін дәлме-дәл салу керек. Қарындашпен де оңай емес. Мысалы, мына бір көліктерді бейнеледім. Ұсақ дүниелері өте көп. Маған бұның бәрі шығармашылық ләззат сыйлайды.