419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында вакциналау үшін 10 егу бөлмесі әзірленді

  • 194
  • UPD: 19:47, 30.01.2021
Маңғыстау облысында вакциналау үшін 10 егу бөлмесі әзірленді

Оның екеуі Ақтауда, үшеуі Жаңаөзенде, қалғаны аудандық емханаларда орналасқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы өңірлік денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жамал Жаманбаева мәлімдеді. Екпе шарасына дайындық аясында вакциналау бағдары жасақталды. Оны сақтайтын мұздатқыштар, термоконтейнерлер мен хладэлементтер қолданысқа әзір. Таяу күндері қосымша бірнеше мұздатқыш сатып алу жоспарда тұр.

Айта кетейік, Ресейде өндірілген 1000 медициналық препарат қазір Ақтөбеге жеткізілді. Екі күннен соң Ақтауға жеткізіледі.

Жамал Жаманбаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Емханаларда бүгінгі таңда егу кабинеттері дайын тұр. Барлық медицина қызметкерлері оқудан өтіп жатыр. Егуге белгіленген адамдардың тізімдері белгіленді. Біздің облыс «жасыл зонада» тұрса да, ауру жұқтырған адамдардың саны көбейіп келеді. Бүгінде инфекциялық стационарда 112 науқас пневмониямен ауырып жатыр. Оның ішінде 41-і «оң нәтижелі коронавирус» анализімен, 20 бала жатыр. Оның ішінде 2-уі оң нәтижелі анализі бар. 7 жүкті әйел жатыр. 5-уінде КВИ оң нәтижелі.

Хабар 24 телеарнасы