414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО жаппай вакциналау науқанына дайын

  • 183
  • UPD: 21:18, 30.01.2021
СҚО жаппай вакциналау науқанына дайын

Облыста екпе қойдыртатын он жеті арнайы орын жасақталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның төртеуі Петропавл қаласында болса, қалғаны аудандарда орналасқан. Екпе алғашында стационарларда жұмыс істеп жүргендерге, жедел жәрдем қызметіндегілерге және санитарлық-эпедемиологиялық департаменті мамандарына қойылады. Осылайша ақпанда мыңға жуық адамға вакцина салу жоспарланған. Әрине бәрі ерікті түрде. 

Әсем Қанғожина, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім жетекшісі:

– Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауға дайындық қызу жүргізіліп жатыр. Барлық емханаларда вакцинациялау пунктері бар. Медициналық қызметкерлер толық дайындықтан өтті. Қазір облысымыз ресейлік «Спутник V» вакцинациясын қабылдауға дайын. Вакцинация екі кезеңнен яғни екі компоненттен тұрады. Бірінші компонент қойылады. Сосын жиырма бір күннен кейін егер бәрі жақсы болса, екінші компонент қойылады.

Хабар 24 телеарнасы