Петропавлдық оқушы инновациялық қоқыс жәшігін ойлап тапты

Арман Нұрышев жобасына екі апта арнапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жас өнертапқыштың тұрмыстық қалдықтарды тастайтын бұйымы толық автоматтандырылған. Ультрадатчиктер енгізілген. Бағдарлама бойынша жәшіктің қақпағы адам қолынан өздігімен ашылып-жабылады. Енді Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы экологиялық жобасына демеуші тауып, қоршаған ортану қорғауға өз үлесін қосқысы келеді.

Арман Нұрышев, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы:

- Бұл идеяға қаладағы шашылып жатқан қоқыстар себеп болды. Желден тұрмыстық қалдықтар жан-жаққа ұшып қоршаған ортаны ластап жатыр. Осының бәрі өзекті мәселе. Сондықтан осындай ойға келдік.