Алматы коронавирус бойынша «жасыл» аймаққа кірді

Алматы коронавирус бойынша «жасыл» аймаққа кірді. 2021 жылғы 31 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.

«Қызыл» аймаққа Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары кіреді.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды ​​облыстары.

Қалған облыстар «жасыл» аймақта.

Бұған дейін Алматы коронавирус таралуы бойынша «сары» аймақта болған еді.