Түркия мен БАӘ-ден ұшып келген үш қазақстандықтан коронавирус анықталды
- 276
- UPD: 11:36, 31.01.2021

Түркия мен БАӘ-ден ұшып келген үш қазақстандықтан коронавирус табылды.
Бұл туралы Санитарлық-эпидемологиялық бақылау комитеті хабарлайды.
ПТР сынамасының нәтижесі бойынша 2021 жылдың 29 қаңтарында анықтамасыз ұшып келген 236 қазақстандық азаматтың ішінде үш жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың екеуі Ыстамбұл – Нұр-Сұлтан рейсімен, ал бір жолаушы Дубай – Алматы рейсімен келді.
2021 жылдың 30 қаңтарында Қазақстанға Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Беларусь және Өзбекстаннан 15 халықаралық рейс келген.
2059 әуе жолаушысының 1612-сінде ПТР сынамасының теріс нәтижесі көрсетілген анықтама болды, 447 азаматтарта анықтама болған жоқ.
Оның ішінде:
Алматы әуежайына – 9 рейс, 1325 жолаушы, анықтамамен – 1049, анықтамасыз – 276;
Нұр-Сұлтан әуежайына – 4 рейс, 452 жолаушы, анықтамамен – 396, анықтамасыз – 56;
Қостанай әуежайына – 1 рейс, 171 жолаушы, анықтамамен – 110, анықтамасыз – 61;
Орал әуежайына – 1 рейс, 111 жолаушы, анықтамамен – 57, анықтамасыз – 54.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары ПТР сынамасы арқылы COVID-19 тестінен өтті, енді оның нәтижесін карантиндік стационарда күтіп отыр.