Елбасы Михаил Дорофеевтің туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Елбасы белгілі журналист Михаил Дорофеевтің туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Elbasy.kz сайтында жарияланды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті белгілі қазақстандық журналист, Informburo.kz ақпараттық-сараптамалық интернет-порталының бас редакторы Михаил Дорофеевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

«Ол үлкен жұмыс тәжірибесі бар өз ісінің кәсіпқой маманы еді. Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты, Журналистика академиясының академигі, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі болды. Михаил Дорофеев отандық медиа саласының дамуына сүбелі үлес қосып, жаңа сапа стандарттары мен кәсібилікті енгізуге ықпал етті», - делінген жеделхатта.