Алаяқ Петропавл тұрғынының шотындағы 2,7 млн теңгені иемденген

Петропавл тұрғыны 2,5 миллион теңгеден астам ақшасынан айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Киберқылмыскерлер айла-тәсілдерін түрлендіруде. 66 жастағы петропавлдық ақыр соңына дейін алаяққа сенбегенімен, 2 миллион 700 мың теңге қаражатынан айырылған. Ол өзін телефон арқылы банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкерімін деп таныстырып, клиенттің шотынан белгісіз біреу ірі көлемдегі соманы алмақ болып жатқанын айтқан. Транзакцияға жол бермеу үшін банк картасының пин-кодын айту керектігін айтқан. Ер адам БАҚ-тан алаяқтардың әрекеттері жайлы білген, қылмыскер клиенттің шотында жатқан соманы және оның соңғы уақытта қандай қаржы операциясын жасағаны туралы айтып, арбауына түсірген. Бұл сөздерге сенген ер адам пин-кодын жайып салып, бар жиған-терген қаражатынан айырылған. Одан соң полицияға жүгінген. Петропавл қаласы ПБ Екінші полиция бөлімінің қызметкерлері аталған фактіні ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеді.

– Бұл жағдай бірлі-жарым емес. Алда қылмыскерлердің нақты мәліметті қайдан алғанын анықтау керек. Әзірге алаяқтардың құпия ақпаратқа қандай жолмен қолжеткізгенін білу қажет болып тұр. Сенімге кіру, олар есімі мен жасын, ЖСН мен үйінің мекенжайын, банктегі шотының жағдайын айтады. Дегенмен, ақшаға қолжеткізу үшін оларға картаның пин-коды немесе sms-хабарламадан бір реттік құпия сөз қажет. Бұл мәліметтерге алу үшін олар психологиялық қысым көрсетеді. Банкке жеке хабарласпауына сенімді түрде кеңес береді. Батыл, нық сөйлесіп, кейде қысымшылық жасауы да мүмкін, мұндай жағдайлардың бірін біздің қызметкерлер ҚР ҚК 115-бабы (Қорқыту) бойынша СДТБТ енгізді, – деді екінші ПБ бастығы Руслан Сыздықов.

Нақты банк қызметкерлері телефонмен клиенттерден құпия деректерді ешқашан талап етпейтінін естен шығармаған жөн. Күдік туғызған қоңырау шалған уақытта сөйлесуді бірден доғарған және банкке жеке жүгінген дұрыс немесе ресми сайтта көрсетілген Call-орталыққа хабарласу қажет.