ПТР-анықтамасы жоқ 447 қазақстандық елге оралды

Өткен тәулікте қолында ПТР-анықтамасы жоқ 447 азамат елге оралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықаралық рейстермен барлығы 2 059 жолаушы келді. Анықтамасы жоқтары ПТР-тест тапсыру үшін карантиндік стационарларға жіберілді. Енді сол жерде сынама нәтижелерін күтеді. Сондай-ақ санитарлық қадағалау комитетінің таратқан мәліметіне сай 29 қаңтар күні келген 236 қазақстандық тиісті сынама тапсырған. Нәтижесінде 3 жолаушыдан коронавирус анықталды. Оның екеуі Ыстанбұлдан Нұр-Сұлтанға, ал біреуі Дубайдан Алматыға келген.