COVID-19: екпе арасы 21 күнді құрайды

Мамандар вакциналау екі кезеңнен тұратынын айтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Және екпе арасы 21 күнді құрайды. Алғашқы вакцинадан біршама антидене пайда болып, ол ағзаның қорғаныш құралына айналады. Ал келесі екпе антидененің адам ағзасында күрт артуына ықпал етеді. Және бірінші вакцинаның нығая түсуіне қызмет етеді. Айтпақшы, 15 ақпаннан бастап Қарағанды фармацевтикалық кешені Спутник V вакцинасының алғашқы дозасын ұсынуы тиіс. Алдымен 112, кейін 150 дозаға дейін көлемін өсіру көзделген. Маусым айына қарай тіпті 600 дозаға дейін өндірілуі тиіс. Көкек айында QazCovid-in де қолға алынады. Оның да ай сайынғы дозасы 75 мыңнан басталып, бес жүзге дейін жетеді деп жоспарлануда. Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі Синовак пен Pfizer-ге қатысты келіссөз жүргізеді деп айтылды.

Дана Ақылбекова, профессор:

– Векторлық вакцина бұл тіпті жаңалық емес. Гепатит вакцинасы секілді. Оны бәріміз кезінде алдық. Б гепатитіне қатысты айтып отырмын. Демек соншалықты үрейленетін дүние емес. Зияны жоқ. Яғни бұрын қолданылған технология. Мәселе ол қаншалықты тиімді? Күресуге қауқары бар ма? Спутниктің пайдалы екеніне қатысты мәліметтер де әзірше аз. Ол енді түсінікті де. Қазақстандық вакцина туралы да сондай пікірдемін.

Сондай-ақ...