Қазақстандықтар 11 айда темекіге 35 мың теңгеден жұмсаған

Қазақстандықтар 11 айда 73 қораптан шылым тартады.

2020 желтоқсанында фильтрі бар темекілер былтырға қарағанда 14,9%-ке өскен. Өсім Атырау (бір жылда 20,9%), Жамбыл (20,3%) және Алматы (19,6%) облыстарында тіркелген.

Желтоқсан айында дүкендер мен базаларда темекі құны 508 теңгені құраған.

Ішкі нарықта тұтыну 17,6 млрд дананы құрады – бұл өткен жылмен салыстырғанда 32,9%-ке кем.  

2020 жылдың қаңтар-қараша айларында әрбір ересек қазақстандық 1,5 мың дана, яғни күніне 4,4 дана темекі мен папирос шеккен.

Былтыр орта есеппен әрбір қазақстандық ішінде 30 дана темекісі бар қораптың 73-ін сатып алып, оған 34,8 мың теңге жұмсаған.